427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

  • 130
Қызылорда облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Қызылорда облысында жалған есепшот фактурасын жасаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.

Экономикалық тергеу департаментінің хабарлауынша, олар ұзақ уақыт бойы атқарылмаған жұмыс пен көрсетілмеген қызметке қатысты тиісті құжаттарды заңсыз беріп келген. Болжам бойынша, мемлекетке келтірілген шығын көлемі 776 миллион теңгенің шамасында. Қазір қылмыстық топтың мүшелері мен ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.   

Хабар 24 телеарнасы