427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балқаш ауданындағы ауыл-аймақта интернет байланысы нашар

  • 148
  • UPD: 13:50, 29.09.2020

Алматы облысы Балқаш ауданындағы екі мыңнан аса оқушы интернет байланысының нашарлығынан телеарна арқылы оқып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

500-ден аса бала қалыпты жағдайда білім алуда. Мәселен, аудандағы елді мекендердің басым көпшілігінде жасөспірімдер мұғалімдермен WhatsApp желісі арқылы байланысса, Қарой және Көктал ауылдарында ғаламторға қосылу мүлдем мүмкін емес. Сондықтан оқытушылар балалардың телефон нөміріне қоңырау шалып, тапсырма береді. Күрделі тақырыптарды да оқушылар осылайша, орындайды. Тіпті телефон байланысының өзі де жиі үзіледі екен.

Айман Нұрахметова, Қарой ауылының тұрғыны:

-Телевизордан жарты сағаттан оқимыз, оны телефонға түсірсек, түсірдік. Оны саралаймыз. Одан апайлар сабақ береді. Оны жазып, оқимыз. Интертет болса, өзіміз ары қарай қарап, интернетке кіріп, сабағымызды орындайтын едік.

Айман Аймұхамбет, Балқаш аудандық білім бөлімінің басшысы:

-Мүлдем интернет жоқ ауыл деп айта алмаймыз. Интернет байланысы төмендеу. Интернет байланысын жоғарлатамыз деген жоспар бар. Қазір Ақкөл, Балатопар ауылына дейін оптоволокон тартып жатыр. Биыл 2020 жылдың желтоқсан айының соңына дейін барлық жаққа интернет қосып береміз деген «Қазақтелекомның» жоспарында тұр. Инернет жылдамдығы 4 мегабайт. Соны 100 мегабайтқа көтереміз деген жоспарда тұр.

Хабар 24 телеарнасы