427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда 6 оқушыдан коронавирус анықталды

  • 141
  • UPD: 15:04, 29.09.2020
Нұр-Сұлтанда 6 оқушыдан коронавирус анықталды

Елордада алты оқушы коронавирус жұқтырған.

Олардың бірі кезекші сынып оқушысы болса, қалғаны қашықтан білім алып жүргендер, деп хабарлады «Хабар 24».

Олармен қарым-қатынаста болған 19 адамнан вирус анықталған жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева айтты.

Қазір елордадағы үш мыңнан астам кезекші сыныпта 1-4 сынып оқушылары білім алып жүр. Сондай-ақ мектепке дейінгі білім ордаларындағы 1500-ден астам кезекші топқа 22 мыңнан астам бала барады.

Хабар 24 телеарнасы