428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында құс тұмауының алдын алу шаралары күшейтілді

  • 144
  • UPD: 15:16, 29.09.2020
Ақтөбе облысында құс тұмауының алдын алу шаралары күшейтілді

Өңірге 200 мың вакцина жеткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онымен Ресей және еліміздің Қостанай облысымен шектесетін төрт аудандағы құстар егіледі. Қосалқы шаруашылықтағы үйрек-қаз, тауықтар да вакцинациялаудан тыс қалмайды. Ал, өңірдегі екі құс фабрикасы өз қаражаты есебінен жүргізуі тиіс. Әзірге өңірдің эпизоотиялық жағдайы тұрақты. Ауру белгісі әзірге тіркелмеген. Дегенмен, мамандар жылы жаққа ұша бастаған жабайы құстардан да қауіп болатынын айтады. «Олар қонған өзен-көлдердің айналасынан да жұғуы мүмкін», дейді. Бүгінде өңір бойынша бір миллион 400 мыңнан астам үй құсы есепке алынған.

Иса Базаров, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

- Құстардың иелерімен, құс фабрикаларымен түсініктеме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Олар ветеринариялық-санитарлық тәртіптерді қатаң сақтауы керек. Құстың ауыратын белгілері болатын болса, оны жедел хабарлауы тиіс. Республиканың қорынан бөлінді, 200 мың доза бүгін-ертең келеді. Біз енді оны Қарғалы ауданы, Мәртөк ауданы, Әйтеке би – Қостанай облысымен шекаралас, сосын, Ырғыз. Осы төрт ауданда бірінші егеміз.

Хабар 24 телеарнасы