428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Алматы облысына баратын туристер легі 40%-ке азайды

  • 173
  • UPD: 15:36, 29.09.2020
Биыл Алматы облысына баратын туристер легі 40%-ке азайды

Биылғы жазда Алматы облысындағы демалыс орындарына келушілердің саны 40%-ке дейін азайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылы Алакөл, Балқаш пен Қапшағайға 1 млн 700 мыңдай турист келген еді. Биыл бұл көрсеткіш миллионнан сәл ғана асты. Бұған карантиндік шектеулер мен шомылу маусымының кеш ашылуы әсер еткен. Мамандардың айтуынша, жыл қорытындысында бұл көрсеткіш 55%-ке жетіп жығылуы мүмкін. Карантин кезінде Алатау баурайындағы демалыс орындарының көбі жабық болды. Сол себепті алматылықтар Алматы облысының аумағындағы ұлттық табиғи парктерге ағылған. Мәселен, Көлсай көлдеріне демалыс күндері 3 мыңнан астам саяхатшы келіп отырған. Салдарынан тау ішіндегі жалғыз аяқты жолдардың тоз-тозы шығып, ұлттық табиғи саябақ аумағы қоқысқа толып кеткен. Енді мұндай орындарға кіріп-шығуға шектеу қойылуы мүмкін.

Жанар алшымбаева, облыстық туризм басқармасының басшысы:

- Ұлттық парктермен бірлесіп, бірқатар шешу жолдарын талқыладық. Оның ішінде көбісі қолдайтын және де бізде осы мәселені алға қоямыз деп ойлаймыз. Ол – ұлттық парктерге сыйымдылығына байланысты күнделікті квоталар енгізу мәселесі.

Хабар 24 телеарнасы