427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бас прокуратура депутаттық сауалға жауап берді

  • 113
  • UPD: 18:07, 29.09.2020

Қазақстаннан шетелге газ бен мұнай экспорттау кезінде заң бұзу деректері мен монополизациялау белгілері анықталған жоқ.

Бұл туралы Мәжілістің Экономикалық реформа және Өңірлік даму комитетінің кеңейтілген отырысында Бас прокурордың бірінші орынбасары Берік Асылов мәлімдеді.

Айтуынша, салаға жүргізілген тексерістің нәтижесінде батыстың кей бұқаралық ақпарат құралында жарияланған мәліметтердің жалған екені анықталған. Нақтырақ айтсақ, ол газдың экспорттық бағасының негізсіз төмендетілгені, делдал компаниялардың қолданылғаны және сыбайлас жемқорлық белгілері жөніндегі ақпараттың расталмағанын атап өтті. Сондай-ақ ол тексеріске бірнеше министрліктің өкілдері қатысқанын айты.

Еске салайық, Бас прокуратураның мұнай-газ саласына тексеріс жүргізуіне Мәжіліс депутаты Павел Казанцевтің депутаттық сауалы түрткі болды.

Берік Асылов, ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары: 

- Бас прокуратураның тексерілуіне мұнай және газдың айналымына бақылау жүргізетін уәкілетті органдар ретінде Энергетика және Қаржы министрлігінің мамандары қатыстырылды. Бірлескен тексеру нәтижелері көрсетілген фактілердің шындыққа сәйкес келмейтінін және нақты дәлелдерге негізделмегенін көрсетті. Мұнай-газ активтерінің операцияларына қатысты заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы