428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда журналист Денсаулық сақтау министрлігін сотқа берді

  • 181
  • UPD: 22:16, 29.09.2020

Қарағандылық журналистің денсаулық сақтау министрлігі мен оған қарасты 3 бірдей ұйымға қарсы жасаған шағымы бойынша бүгін алғашқы сот отырысы басталды.

Қатерлі ісікпен ауыратын тілші пандемия кезінде кепілдендірілген тегін медициналық перпараттарды мүлде алмаған. Салдарынан аталған министрлікпен қатар «СҚ-Фармация», облыстың денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық аурухананы сотқа береді. Себебі қажетті препараттардан қағылған ол, денсаулығына аса қажет дәрі-дәрмекті өзі іздеп, өз қаражатына сатып алған. Енді тілші осы әрекетімен өзі тектес өзге де дәріге мұқтаж болып, бірақ оны алмаған тағдырластарының мұң-мұқтажын жоғарыға жеткізбек. Ал материалдық шығын ретінде 42500 теңге талап етіп отыр.

Ирина Московка, журналист:

- Наурыз айында маған бұрын қабылдап жүрген дәрілердің аналогы келді. Тағы да дәрі жеткізу мәселесі туындаған шығар дедім де қойдым. Бірақ мамыр айында сол аналог та келмей қалды. Мен 2 жыл бойы қатерлі іскке қарсы осы дәрілерді ішіп келдім. Ал оны үзіп алсам, денсаулыққа өте қауіпті болмақ. Амалсыз дәріні өзім іздей бастадым. Нәтижесінде аталған дәрі-дәрмектер ел бойынша дер кезінде алынбағаны белгілі болды. Сонда ақшасы жоқ, бірақ мен сияқты ауыратын адамдардың жағдай не болмақ?

Хабар 24 телеарнасы