428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында сегіз мыңнан астам құс өртелді

  • 127
  • UPD: 21:35, 29.09.2020

Павлодар облысында сегіз мыңнан астам үй құсы жойылды. Железинка, Тереңкөл және Ертіс ауданы бойынша төрт ауыл карантинге жабылған.

Осы сағатқа дейін 2 мыңдай құстың өлексесі арнайы пеште өртелді. Ал Ағашорын ауылы бүгін үшінші күн  карантинде. Жұқпалы індеттен келген құс шығыны есептеліп, халыққа өтемақы төленеді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек осы елді мекенде үш мыңға тарта үй құсы қырылып қалған. 

Еркін Ескендіров, Ертіс ауданы әкімінің орынбасары:

- Бүгінгі күні екі мыңнан астам үй құсы жойылды. Тағы алты мың құс жойылады. Жалпы Ағашорын ауылдық округінің тұрғындарымен алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Сондықтан халық арасында қарсылық танытып жатқандар жоқ.

Хабар 24 телеарнасы