429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арқалыққа қарасты ауылда құс тұмауына байланысты карантин енгізілмеген

  • 131
  • UPD: 22:03, 29.09.2020

Қостанай облысында тағы үш ауыл карантинге жабылады. Індет ошағына айналған елді мекендердің бірінде, нақты айтсақ Арқалық қаласына қарасты Фурманов ауылына бүгін біздің тілшілер барып қайтты. Мұнда ауру құстың өлімі екі апта бұрын тіркелген.

Бірақ әлі күнге шейін ауылда карантин енгізілмеген. Жергілікті тұрғындар бар құсымыздан айырылып қаламыз ба деп қорқып отыр.

Ауылдағы ағайынның көңілі алаң. Аспанда ұшқан құстың, үй бағылымындағы қаз үйректердің қынадай қырылуы шынымен көңілде үрей тудырады.

«Вот птица уже начала болеть. Вот один воробушек».

Фурманов ауылында бір үйдің 150-ден астам қаз, үйрегі өліп қалған. Тірі жүргендерінің өзі әлсіз, аяқтарын әрең басады.

«Терпите, терпите до завтра. Что с тобой? Я вам бы помог, только нечем».

Ауыл тұрғындары жергілікті ветеринарлар аурудың алдын-алу  шарасына кеш кіріскендігін айтады.Бұл ауылда алғашқы құс өлімі екі апта бұрын тіркелген. әлі күнге карантин енгізілмеген. Залалсыздандыру жұмыстары да жүргізілген жоқ дейді.

Роза Кладова, Фурманов ауылының тұрғыны:

- Біз бірден хабарладық. Қостанайға да телефон шалдық. Себебі жергілікті мамандар сылбырлық танытты.Ауру белгісі бізде екі апта бұрын байқалды. Енді ғана соның нәтижелері келіп жатыр. Оның өзін сараптама қорытындысын өзіміз Нұр-Сұлтанға хабарласып, біліп алдық. 

Фурманов ауылы карантинге жабылатындығы айтылған еді. Алайда ешқандай блок бекетті байқамадық. Буферлік аумақта белгіленбеген. Қазір ауыл аймақтарда вакцинация жүргізіліп жатыр. 

Қасқырбай Бейсенов, облыстық ветеринария басқармасының бас маманы:

- Арқалық қаласына қарасты ауылдардың барлығына облыстық ветеринария басқармасынан 20 мығ доза жоғары патогендік құс тұмауына қарсы егу үшін алдын-алу шаралары жүргізілді.вакциналар бөлінді.Қазіргі текті бір 90 пайызын егіп болдық құстардың барлығын. Енді бүгін, ертең вакиинациялау, егу жұмыстарын аяқтаймыз. 

Соңғы екі күнде ауылда құс өлімі тіркеле қоймапты. Мүны жергілікті халық індеттің мүмкін беті қайтқан шығар деп жақсылыққа жорып отыр. Ал ауру құс өлекселері өртенген аумақта залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмеген. Ауыл құстары ұшін ол да қауіп. 

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы