427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халқымыз ежелде кәсіп еткен тері өңдеу ісі неліктен дамусыз қалды?

  • 117
  • UPD: 21:02, 29.09.2020

Елде тері өңдеу ісі тұралап тұр. Себебі кәсіпорындардың тең жартысы жұмысын тоқтатқан. Бірі айналымға ақша жоқ десе, енді бірі өңделген теріні сататын нарық жоқ екенін айтады. Атауы жеңіл өнеркәсіпті дамыту сонша ауыр ма?

- Пышақтың жүзі тимеген. Ал біз осындайлардың бәрін лақтырамыз. Неге өзіміз қолданбасқа сапалы былғары шығарып. Мысалы мынадай жүндері барларын тондар қазақы. Ал біз оның бәрін лақтырамыз, тастаймыз. Шет елден барамыз да қымбатқа аламыз. 

Қазір бұл проблема - мал бағып отырған ағайынның жанайқайы. Бәрі де қабылдайтын жер болмаған соң төрт түліктің терісін амалсыз қоқысқа тастайды. Ал осы таза теріден тігілген киімге екініің бір қол жеткізе алмай жүр. Себебі шетелден келеді әрі қымбат.

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

- Мынау қойдың бір терісінен мынадай бірнеше аяқ киім жасауға болады. Оны біз 40-50 мың теңгеден сатып аламыз. Дәл осындай аяқ киім жасауға болатын терілер 100 теңгеден немесе тіпті қоқысқа кетіп жатыр. Бұл қойдың терісі. Ал сиыр мен жылқының терісі мүлде қабылданбайды. 

Болат Жақыпов, мал базар әкімдігінің маманы:

- Сиырдың терісін весамен алатын. Қойдың терілерін 1500-нан алатын. Жылқының терілері 1500-ға дейін баратын. Сиырдікі одан әрі құнды болатын. Ал қазір терінің құны кетіп қалды ғой. Біз білмейміз енді. Бұрын алып жүрген адамдар қайда өткізіп жатты. Өздері біледі. Бізге ешкім сырын айтпайды ғой.

Оның сыры көп. Біріншісі бізде өндіріс тұралап қалған. Қазақстан бойынша  тері өңдейтін 17 кәсіпорын болса, түрлі себепке байланысты оның сегізі тоқтап тұр. 

Айжан Әділова, ҚР ИИДМ жеңіл және ағаш өнеркәсібі басқармасының бас сарапшысы:

- Мал терісін өңдеу саласы ауыр химикаттарды қолданғаннан кейін міндетті түрде зауыттарда тазалау жұмыстарын жүргізу керек. Соған арнайы құрал-жабдық орнатылуы керек. Осы төрт кәсіпорында осындай жабдықтар болмағандықтан, оны салатын қаржысы болмағандықтан қазіргі уақытта тоқтап тұр. Бір кәсіпорын Жамбыл облысында олар реконструкция жасап қайтып қосылмады. Қажеттілік жоқ, басқа зауыттардан дайын былғарыны алып, аяқ киім шығарып жатырмыз дейді. Тағы бір кәсіпорын Ақтөбе облысында олар тоқтап тұр. Сол тағы да қаржылық себептермен.

Елде бірер жыл бұрын отандық кәсіпорындарды қолдау мақсатында өңделмеген теріні экспорттауға тиым салынды. Мақсат шикізатты жергілікті тері өңдеу кәсіпорындарына қолжетімді ету  еді. Алайда олар мұндай көп теріні өңдеуге дайын болмай шықты. сөйтіп сұраныс төмендеп кетті. 

Момбеков Бақытжан, ҚР АШМ Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің басқарма басшысы:

- Қазіргі өнідеретін кәсіпорындар өзінің құлдырау заманына кездейсоқ болып отыр. Олардың айналым обороттары жоқ. Станоктарының бәрі ескірген. Мысалы, қазіргі істеліп жатқан бұйымдар ескі құрал жабдықтар соның күшімен істелініп жатыр. Ол ешқандай бәсекелестікке шақ келмейді.

Мал терісінің өтпей қалуына тағы бір себеп сапаның төмен болуында. Яғни тері көп бірақ бәрі бірдей өңдеуге жарамайды. Мәселен Оралдағы мына зауыт айына 150 тонна сиыр терісін өңдейді. Керек шикізатты мұқият іріктеп алмаса, көбі шығынға кетеді дейді. Себебі малдың терісін іреген кезде пышақ кесіп кетсе немесе мал ауру болса былғары сапалы болмайды дейді кәсіпорынның коммерциялық директоры

Димаш Нұрғалиев, тері өңдейтін кәсіпорынның коммерциялық директоры:

- Пышақпен тесіп, астында подрездар болады. Сосын тұздағанда дұрыс тұздамайды. Сосын тағы бір не Қазақстан бойынша терінің сапасы вакцинациядан өте нашар. Мысалы, бізде көп шаруашылықтар Ресейден алады малды. Мұнда бір, екі ай өсіреді, содан кейін сояды. Біздер сондай теріні мыңнан сатып аламыз. Олардың сапасы жоғары болады.

Онсыз да тұралап қалған тері өндірісіне коронавирус та үлкен кесірін тигізді. Қазір кәсіпорындар шикізат қабылдамақ түгілі өңдеген дайын өнімін сыртқа шығара алмай отыр.

Автор: Талғатбек Әбдіқожа

Хабар 24 телеарнасы