427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Исекешев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталыққа барды

  • 143
  • UPD: 23:15, 29.09.2020

Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев «Антикор орталығына» барды.

Мұнда ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмысының сервистік үлгісімен танысты. Сондай-ақ арнайы мониторинг тобымен, ақпараттық – ағарту штабының өкілдерімен кездесті. Ардагерлер кеңесі және агенттікке қарасты жобалардың жетекшілерімен де жолықты. Жиын барысында жемқорлыққа қарсы жобаларды жетілдіру, оларға азаматтық қоғам мен белсенді жастарды тарту мәселесі талқыланды. Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсетудің сервистік үлгісіне көшуі бірқатар салада тұрмыстық жемқорлықты жоюдың бір жолы екенін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы