428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Air Astana Ресей бағытындағы әуе билеттерін миллион теңгеден сатты

  • 152
  • UPD: 23:11, 29.09.2020

Соңғы күндері Ресейге ұшатын ұшақ билеттерінің қымбаттағанына наразы жұрт көп. Кей жолаушылардың айтуынша, бір бағыттың бағасы 1 миллион теңгеге дейін жеткен.

Осыған орай  Air Astana әуе компаниясы билет құнына байланысты түсініктеме берді.

Бір қызығы, тарифтер көтерілмеген.

«Нұр-Сұлтан - Мәскеу бағытындағы ең арзан билет 91, ал қымбаты 300 мың теңгеден сәл асады» дейді компания өкілі. Ал бағаның шарықтауы рейстердің аздығы мен орындардың шектелуіне байланысты екен. Яғни жолаушылар діттеген жеріне жету үшін тағы бір ұшаққа отыруы мүмкін. Осыдан келіп, билет құны да қымбаттайды. Мәселен, қараша айының соңына дейін эконом санатындағы билеттердің барлығы сатылып кеткен. Қазір әуе компаниясы қосымша рейстерді енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.     

Хабар 24 телеарнасы