427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО шаруалары жем-шөпті қамдай алмай отыр

  • 162
  • UPD: 23:09, 29.09.2020

Батыс қазақстандық шаруалар қысқы мал азығын қамдай алмай жатыр. Мәселен, Жәнібек ауданында қысқа қажетті шөптің тек тең жарымы ғана жиналған.

Биыл жаз бойы аудан аумағына жауын шашын аз түсті. Оның үстіне шабындық алқаптарды сан мыңдап жайылып жүрген киіктер де отап жатыр. Бұған тездетіп нақты шара қолданбаса болмайды.

«Егер жем-шөпті жеткілікті жинай алмасақ мал басын азайтуға тура келеді» деп қынжылады шаруалар. 

Арман Елемесовтың шаруа қожалығы 1994 жылы құрылыпты. Бүгінде шаруашылықта 10 шақты адам еңбек етеді. Төрт түлікті қыстан тарықтырмай алып шығудың қамыммен қазір бәрі де шабындық алқапта жүр. Биыл шөптің шығымы шамалы болды. Оның үстіне дала жануарларынан да қиындық көп.  

Арман Елемесов, шаруа қожалығының басшысы:

- Биыл шөп жылға байланысты нашарлау жасыратыны жоқ. Оның үстіне дала жануарларды киіктері де "көмектесіп"  отарымен осы жерде 5 мыңдай киік жатыр. + Біздерге ең басты мәселе мына дала жануары киіктерді шешсе екен.  Үлкен проблема туғызып тұрған солар. Төліміз кішкентай кезінде бірге ілесіп шауып кетіп талай қуып оның артынан жүрген кездеріміз болды.

Міне қызыл кітапқа енген дала жануарлары ауылдың дәл іргесінде жайылып жүр. Шабындықты отап жатқанымен киіктерді түре қуып тастай алмаймыз,- дейді тұрғындар. Олай істеген жағдайда құзырлы органдардың қырына ілінеді екен. Ал жем-шөп мәселесі аудан тұрғындарын толғандырған басты түйткілдің бірі. Биыл мал қыстату науқанын ойдағыдай өткізу үшін 117 мың тонна шөп дайындалу керек болса қазір соның тек жартысы ғана жиналған. 

Арман  Искаков,  Жәнібек аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

-  Жауын-шашын болмай жер ылғал жинамай шөптің шығымы өте нашар болып жатыр биыл. Жылда 5-6 ценнтнер алатын едік шөпті, биыл 2-3 центнерге түсіп кетті. Міне күз айы болды әлі шауып жатырмыз. Бізді ьтек құтқарып тұрғаны биыл қыс болған жоқ, сондықтан шаруа қожалықтары шөпті үнемдеп отыр. 60-70 пайыз шөпті үнемдеп қалды, бір жағынан бізді сол құтқарып отыр бізді биыл.  

Киіктер көршілес Қазталов ауданына қарасты ауыл тұрғындарын да алаңдатып отыр: 

- Біздер мына Қарасу ауылының тұрғындарымыз. Мына далада ауылға кіик кіріп өзімізде жайылыс жоқ шабындық шөбіміз де жоқ рулонның бағасы 10 мыңнан .малға қысқы азығымызды жинап жатқанда киік 30-40 мыңның айналасы.

- Жоғары жақтағы кісілерге, ағаларымызға айтамыз мынау деген енді бір әрекет жасау керек қой енді. Ауылдың іргесі мынау енді... 

Шаруа қожалықтарының басшылары бұл мәселе бойынша бірқатар мемлекеттік органдарға шағымданған. Әзірге ол тараптан «жеріңізді қоршап алыңыз» деген ақыл-кеңестен басқа мардымды жауап жоқ екен. Арыздардың біразы аудандық кәсіпкерлер палатасына да  жолданыпты. 

Жасұлан Бәсеров,  облыстық кәсіпкерлер палатасы жәнібек аудандық филиалының директоры:

- Киіктерге қатысты мәселе Үкімет деңгейінде шешімін табуы тиіс, заңдар өзгере ме, сондай бір нақты шаралар алынуы қажет. Ақбөкендерді қорғаумен бірге ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажын да ұмытпауымыз керек қой. Дала жануарарының санын реттеумен айналысатын бір ұйым құрылуы керек. Ол үшін кеңестік кезең тұсындағы тәжірибені қолдануға болады. Бала кезімізде мысалы дүкенде киік еті сатылатын.  

Осыдан тура 2 жыл бұрын Орал популяциясына жататын киік саны 217 мыңдай болған еді. Карантинге байланысты биыл жылдағыдай авиасанақ жүргізілген жоқ. Дегенмен, дәл қазіргі кезеңде олардың саны екі есеге дейін өскен.     

Талғат Серікқалиұлы, Руслан Ғазезов, Қанат Махмұтов                                                                                                                                                                                                            

 

Хабар 24 телеарнасы