427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да шаруашылықтар судан тарығып отыр

  • 163
  • UPD: 08:22, 30.09.2020
БҚО-да шаруашылықтар судан тарығып отыр

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы төрт түлікке қажетті тіршілік нәрінен тарығып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аудан аумағындағы көлтабандарға соңғы 3 жыл бойы су түспеген. Жайық өзенінің тартылып кеткені өз алдына, жауын-шашынның аз болуы да жағдайды қиындата түседі. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары салынған суландыру жүйелері, яғни каналдар мен су реттегіш қақпалары тозып тұр. Ауданды тіршілік нәрімен толық қамту үшін жылына 330 миллион текше метр су қажет. Бірақ қазір бұл көлемнің тек 50 проценті ғана жеткізіліп отыр. Соңғы 3 жылда Жаңақаладағы 16 су қоймасының барлығы құрғап екеуі ғана қалды. Су болмаған соң мал азығының бағасы да аспандап кетті. Шаруашылықтар шөпті көрші аудандардан сатып алып амалдауға көшті.

Жеңісбек Ахметов, Жаңақала ауданының тұрғыны:

– Екі жылдан бері су жоқ, судың сапасы міне, балшық. Малымыз батады. Осы Қоңырсай бойына су беруін сұраймыз. Мыңдаған мал осы балшықа батып қырылатын жағдайы бар.

Наурызбай Қарағойшин, Жаңақала ауданының әкімі:

– Алда тұрған мақсат – Жайық өзеніне қосымша насостар қою арқылы су көлемін көбейту мәселесі. Сонымен қатар Үлкен және Кіші өзендерден алатын судың Ресейден сатып алынатын су. Алынатын судың мөлшерін, сатып алу қаржысын көбейту мәселесі республика алдында тұрған мәселе.

Хабар 24 телеарнасы