Қазіргі уақытта елімізде коронавирустық инфекциядан 3 300 адам емделіп жатыр.
Олардың арасында 46 бала бар. Стационарларда 1 906 науқас жатыр, 1 394 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы науқастардың арасында 92 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген ДСМ хабарламасында.