428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияға рейстерді азайту керек – ҚР ДСМ

  • 210
  • UPD: 11:07, 30.09.2020
Түркияға рейстерді азайту керек – ҚР ДСМ primeminister.kz

Жалпы елде карантин тәртібін бұзу деректері 47 процентке көбейіп кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халық санитарлық талапқа салғырт қарап, босаңси бастады. Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуалды баяндаған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай дейді. Салдарынан коронавирус жұқтырғандар саны өсуі мүмкін. Маска режимін сақтамағаны үшін бір айда 1000-нан астам адамға әкімшілік шара қолданылған. Жасырын той жасап, ас беруге қатысты 600 дерек тіркелген. Жергілікті бас санитарлық дәрігердің қаулысымен 2 өңірде 4 блок-бекет пен 2 санитарлық пост қойылды. Осы орайда министр жергілікті жерлерде бақылау және түсіндіру жұмыстарын күшейту керек дейді. Алексей Цой елде індет өршіп кетпеуі үшін шетелдермен әуе қатынасын жандандыруды тоқтата тұру керектігін айтты. Оның ішінде Түркия еліне рейстерді азайтуды ұсынды. Үкімет басшысы Асқар Мамин бұл мәселелерді комиссия отырысында қарауды тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы