432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауыл бюджетін қалыптастыруда қандай қиындықтар бар

  • 218
Ауыл бюджетін қалыптастыруда қандай қиындықтар бар Сенат баспасөз қызметі

Кейінгі кезде ауыл әкімдіктері өз бюджеттерін қалыптастыру мен басқаруға мүмкіндік алып отыр.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде ауыл әкімдіктерінің бюджетін қалыптастыру мен басқару тетіктерін жетілдіру қажет ететіні айтылған болатын. Іс жүзінде бұл салада бірқатар қиындық бар, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Төртінші деңгейдегі бюджет ауыл әкімдіктеріне орталық органдардан тәуелсіз болуға, ауыл проблемаларын өздері шешетіндей бюджетті дербес қалыптастыруға және бөлуге мүмкіндік береді. Осының бәрі ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін ескеруге, сол арқылы ауылдағы өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Дегенмен сенатор Ольга Перепечинаның айтуынша, тәжірибе көрсетіп отырғандай, жергілікті жерлерде төртінші деңгейдегі бюджетті енгізу кезінде сұрақтар мен проблемалар туындап отыр. Олардың ішінде жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің теңсіздігі, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларының оқшаулығы және басқа да мәселелер бар.

Бюджеттің теңсіздігінің негізгі себебі – ауыл бюджеттерінің өз кірістерімен қамтамасыз етілудің төмендігі және ол жаппай болып отыр. Осылайша, ауылдық округтердің шығыстарын қаржыландырудың негізгі көзі жоғарғы бюджеттерден берілетін субвенциялар мен нысаналы трансферттер болып қала береді.

Сенаторлардың пікірінше, осы саладағы проблемаларды егжей-тегжейлі зерделеп, оларды жою үшін тиісті шаралар қабылдау қажет.

Хабар 24 телеарнасы