428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елде 11 мыңнан астам білім беру нысаны жылыту маусымына дайын

  • 145
  • UPD: 11:35, 30.09.2020
Елде 11 мыңнан астам білім беру нысаны жылыту маусымына дайын Egemen.kz

Ал денсаулық сақтау мекемелерінің 99, 2 проценті дайын тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек Батыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында дайындық қарқыны төмен. Бұл туралы Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты. Биыл суықтың ерте түсуіне байланысты Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында жылу мерзімінен ерте берілді. Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік нысандары мен тұрғын үйлері де жылуға қосылды. Қалған өңірлерде жылу 15 қазанға дейін беріледі. Оған дейін барлық автономды жылу нысандары отын қорымен қамтамасыз етілуі тиіс. Министрдің айтуынша, елде өткен 8 айда 69 млн тонна көмір өндірілген. Яғни биыл көмірден тапшылық болмауы тиіс. Үкімет басшысы кәсіпорындардың жеткізілетін газ бен көмір үшін дебиторлық берешегін жоюды тапсырды. Сондай-ақ тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін қарызын өтеу жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты. 

Хабар 24 телеарнасы