427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл соңына дейін 5 200 ауыл интернет желісіне қосылады

  • 135
  • UPD: 13:37, 30.09.2020
Жыл соңына дейін 5 200 ауыл интернет желісіне қосылады

Қашықтан білім беру басталғалы, елдегі интернет сапасының сын көтермейтіні белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, шалғай ауылдардың тұрғындары қиындық көріп отыр. Жыл соңына дейін бес мыңнан астам елді мекен интернетке қосылатын болды. Ғаламтор желісін дамыту үшін 2 ірі жоба іске асып жатыр. Бұл туралы үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты. Біріншісі – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде оптикалық интернет тарту. Оны іске асыру үшін 75 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл жобамен 1260 ауылға, оның ішінде 3700 мемлекеттік органға байланыс жеткізіледі. Екінші жоба бойынша 250-ден көп тұрғыны бар 928 ауылға 3G және 4 G мобильді интернет желісі тартылады. Ол үшін байланыс операторларына салықтан жеңілдік жасалады. 

Хабар 24 телеарнасы