427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлеуметтік осал топтың өкілдері бизнес жүргізу тәсілдерін үйренді

  • 133
  • UPD: 14:31, 30.09.2020
Әлеуметтік осал топтың өкілдері бизнес жүргізу тәсілдерін үйренді NewTimes.kz

«Табысқа апарар жол» мотивациялық тренингтері – әрекет ету уақыты! Жақында ZOOM платформасында бірқатар мотивациялық тренинг өтті.

Онда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру жөніндегі жобалық кеңсесінің директоры Ринат Жүсіпов, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров, коммуникациялар және PR менеджері Назым Жанғазинова, психолог, тұлғалық өсу тренері Виктор Мальчиков, «Adina@MadinaTwins!» каналының авторлары егіз блогерлер Адина мен Мадина, Қазақстанның әлеуметтік қызметін қолдау және дамыту жеке қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Дэвид Валера, корпоративтік коммуникациялар және мәдениет сарапшысы, МВА, МА in PR Анар Саурбекова, сондай-ақ «Арнау» Даму орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ұлан Әбішев спикерлер ретінде қатысты.

Спикерлер әлеуметтік кәсіпкерлік, корпоративтік коммуникациялар, консультациялық психология және әлеуметтік қызметті дамыту салаларында бұрынғы сотталғандарды, жалғыз басты аналарды, көп балалы аналарды, аз қамтылған отбасыларды, балалар үйлерінің түлектерін және барлық санаттағы мүгедектерді қолдау және жұмысқа тарту арқылы бизнес жүргізу тәжірибесімен бөлісті.

Тренингке 200-ден астам адам қатысты, олардың ішінде колледждер мен университеттердің студенттері, ҮЕҰ басшылары, жастар ұйымдарының өкілдері, мүмкіндігі шектеулі адамдар, сондай-ақ әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланушылар болды. Көрермендер спикерлердің жетістіктерінің тарихын қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды.

Тренингтер «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында жүзеге асырылатын «Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» әлеуметтік жобасы шеңберінде өткізілді. Біздің жаңалықтарымызды бақылап жүріңіздер, әр спикер мен дәріс туралы толығырақ айтылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы