428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте үй құстарына екпе егу жұмыстары жүргізіліп жатыр

  • 299
  • UPD: 15:22, 30.09.2020
Шымкентте үй құстарына екпе егу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкентте құс тұмауының алдын алу мақсатында үй құстарына жаппай екпе жасалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінен Шымкентке құс тұмауына қарсы 33 мыңнан астам дозаға лайықталған екпе бөлінген. Қазір бұл вакциналар қаладағы 6 ветеринариялық бекетке таратылып берілді. Қала аумағындағы су қоймаларына жақын орналасқан елді мекендердегі үй құстарына екпе жұмыстары жасалып жатыр. Алдағы күндері шаһарға тағы да қосымша 70 000 доза вакцина әкелінеді. Айта кетейік, қалада және оған қарасты елді мекендерде құс тұмауы ауруы тіркелмеген. Жалпы өңірдегі эпизоотиялық ахуал тұрақты.

Нұрсұлтан Кенжебаев, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

- Өзен-көлдерге жабайы құстар келіп қонатын сәт. Сол қауіп бірінші жабайы құстардан келеді. Құс фабрикалары екпе егу жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүргізеді. Мемлекеттің есебінен тек қана үй құстарына екпе егуді жүргіземіз. Шымкент қаласында бүгінгі күнде 969 мың бас құс бар. Оның 466 мың басы жұмыртқа бағытында. Одан қалған 373 мың бас құс ол үй іргелік жерлерде.

Хабар 24 телеарнасы