429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде алғаш рет құрылысшыларға ескерткіш орнатылды

  • 169
  • UPD: 21:27, 30.09.2020
Елімізде алғаш рет құрылысшыларға ескерткіш орнатылды

Елде алғаш рет құрылысшылар ескерткіші пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сала мамандарына арналған белгі елордада тұр. Биіктігі 25 метрлік стелла алыстан менмұндалайды. Бұған қоса, құрылысшылар мүсіні мен арнайы тақта орнатылған. Мұнда елдің дамуына еңбек сіңірген құрылысшылардың есімі жазылған. Жоба авторы – Жамбыл Мелдебаев. Ескерткіштің айналасын абаттандырып, жанынан құрылысшылар музейін салуды да жоспарлап қойыпты.

Жамбыл Мелдебай, Құрылысшылар одағының президенті:

- Ескертшкіш орнатудағы себеп – біздің беделді құрылысшыларымыз тарихта қалсын дедік. Жастарды осы мамандыққа тарту. Қазір олардың беделдері төмен. Осыны көріп, достары, туыстары мақтанып жүрсін деген ой болды.

Хабар 24 телеарнасы