429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында карантин ережесін бұзудың 5000-нан аса дерегі тіркелді

  • 173
  • UPD: 22:26, 30.09.2020
Қостанай облысында карантин ережесін бұзудың 5000-нан аса дерегі тіркелді

Елімізде карантин режимін ең көп бұзған аймақ – Қостанай облысы.

Осы күнге дейін санитарлық-талапқа бағынбаған бес мыңнан аса дерек тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рейд кезінде қалаларда қорқор шегу орындары мен түнгі клубтардың жұмыс істегені анықталған.

Виталий Цой, ПД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:

- Торғай ауылының тұрғыны қонаққа 50 адам шақырып беташар өткізген. Қарабалықта 40 адамның қатысуымен үйлену тойы болған. Барлық тіркелген заңбұзушылықтар бойынша материалдар жиналып, денсаулық сақтау органдарына жіберілді. Онда заң бұзуғандарға қатысты әкімшілік материалдар құрастырылады.

Хабар 24 телеарнасы