429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында 159 адам өндірістік жарақат алған

  • 211
  • UPD: 22:47, 30.09.2020
Қарағанды облысында 159 адам өндірістік жарақат алған

Қарағанды облысында өндірісте жарақат алып, көз жұмғандар саны көбейіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен 8 айда 159 адам өндірістік жарақат алған. Оның 22-сі қаза болған. Ал, былтырғы жылдың осы мерзімінде 122 адам жұмыс орындарында жарақаттанған. Енді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіпорындарда өндірістік одақ құрып, оның құрамына тәуелсіз бақылаушыларды тартуды ұсынып отыр. Бүгін өңірде арнайы топ жарақат алу қаупі жоғары нысандарды аралап көрді.

Ербол Нұрғалиев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитетінің төрағасы:

- Халықтық бақылау деген жобаны біз «Қазхром» деген кәсіпорында көрдік. Соны тәжірибе ретінде басқа да орындарға таратпақшымыз. Бұл біріншіден, кәсіпорында жарақатты болдырмай, екіншіден, жарақат алып, мүгедек болып қалса да, жұмысқа орналастыру мәселесін шешеді. Осындай жобалар бар, біз оны әркез кәсіпорындармен бөлісіп отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы