427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ертіс орманы» табиғи резерваты қызметтік аттарды бағуға екі есе ақы төлеген

  • 241
  • UPD: 23:10, 30.09.2020
«Ертіс орманы» табиғи резерваты қызметтік аттарды бағуға екі есе ақы төлеген

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты қызметтік аттарды бағуға екі есе көп ақы төлеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шамамен 33 миллион 800 мың теңге. Бұл жайт аудиторлық тексеріс кезінде анықталды. Тіпті бұл жануарлар шаруашылықта емес, резерваттың бұрынғы қызметкерлерінің ауласынан табылған. Ал Бауыртал орманшылығының мемлекеттік инспекторы малдың төлін жасырған.

Жасұлан Молдағалиев, Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары:

- Еңбек шартында көрсетілген 8 сағаттық жұмыс кестесінің орнына 12 сағаттық жұмыс күні бекітіліп, екі миллион теңгеден астам қаржы төленген. Бірақ жұмыс беруші тарапынан мұны растайтын бұйрық немесе қандайда бір акт жасалмапты. Қаржы бюджетке қайтарылды. Жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бір адамның лауазымдық қызметі төмендеді.

Хабар 24 телеарнасы