428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 1,5 миллион гектар жер игерілмей жатыр

  • 140
  • UPD: 23:15, 30.09.2020
ШҚО-да 1,5 миллион гектар жер игерілмей жатыр

Шығыс Қазақстан облысында 11 миллион гектарға жуық ауылшаруашылық жері бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ 1,5 миллоннан астамы әлі күнге игерілмей жатыр. Оның басым бөлігі жайылымдық және шабындық алқаптар. Жерді мүлде пайдаланбаған немесе дұрыс күтім жасамаған шаруалардан 1 миллион 200 мың гектардан астам жер қайтарылды.

Айта кетерлігі, аймақта жерді ғарыштан бақылайтын қанатқақты жоба қолға алынған. Осы жобаның арқасында шығыстағы шаруалардың жайылымдық жердің 20%-ін ғана пайдаланып отырғаны анықталды.

Дәулет Сарманов, облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:

- Ауыл шаруашылығын цифрландыру бағдарламасына сәйкес жерді пайдаланушылардың веб-порталы жасалып жатыр. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бүгінге дейін жайылымдық жерлерге мониторинг жүргізіп, осы порталға енгіздік. Қазір бізде жайылымдықтың көлемі анықталды. Нәтижесінде бүгінге дейін жерді дұрыс пайдаланбаған 2 мыңға жуық шаруаға хабрлама жіберлді. Шамамен 1,5 миллион гектар жер қайтарылды.

Хабар 24 телеарнасы