428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тарбағатайдың Тұғыл ауылындағы халық ауыз суға жарымай отыр

  • 144
  • UPD: 10:27, 01.10.2020

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылындағы 4 мыңнан астам халық әлі күнге дейін таза ауыз суға жарымай отыр.

Қаталаған жұрт жаз бойы осы мәселені айтып шықты. Біздің тілшілеріміз де тамыздың басында аталған елді мекенге барып, тұрғындармен тілдесіп қайтқан еді. Сол кезде бұл іске жауапты мердігер компания өкілі резервуардан ақау шыққандығын және жоба авторларының кінәсын айтып ақталған болатын.

Сөйтіп, су сұрап сенделген халыққа «бір апта ішінде кемшілік жойылады, су беріледі» деп уәде етті. Алайда сол уәделі уақыттан бері екі айға жуықтады. 800 миллион теңгеден астам қаражат бөлініп, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша салынып, жергілікті әкімдікпен қабылданған құбырдан әлі бір тамшы су ақпаған. Ел қазір кестемен берілетін суды місе тұтып отыр. Облыс орталығына келген тұрғындардың бірі бүгінде Тұғылдықтардың амалы таусылғанын, халықтың шарасыз отырғанын жеткізді.

Ержан  Ықыласов, Тұғыл ауылының тұрғыны:

- Біз барлық инстанцияларға жаздық, коррупцияға қарсы агенттікке, облыс әкімдігіне де жаөдық, Нұр Отанға да жаздық, енді тіпті өзіміз білмейміз қайда баратынымызды, барлығын тексеру керек, көру керек, не себептен қабылдап алды, зор кемшіліктерін біле тұра резервуар дайын емес екенін, су ақпайтынын, қалай қабылдап алды? Бұрынғы әкімнен бастап тұрып сақтау керек.

Хабар 24 телеарнасы