428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізімі бекітілді

  • 203
  • UPD: 10:18, 01.10.2020
Елімізде әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізімі бекітілді med.obozrevatel.com

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі бұйрығымен әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізімі бекітілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл тізімге туберкулез, адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауру, созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы, қатерлі ісіктер, қант диабеті, психикалық, мінез-құлық ауытқушылықтары (аурулар), балалардың церебральді сал ауруы, жедел миокард инфаркті (алғашқы 6 ай), ревматизм, дәнекер тіндердің жүйелі зақымдануы, жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары, орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялаушы аурулары, орфандық аурулар енген.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін (28 қыркүйек) күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Хабар 24 телеарнасы