430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда тура бір жыл бұрын алапат өрт болды

  • 343
  • UPD: 10:32, 01.10.2020

Түркістан қаласында болған алапат өртке тура бір жыл болды. Өткен жылы күзде шаһардағы қонақ үйлердің бірінен өрт шығып, газ цистернасы жарылған болатын. Апат кезінде 4 өрт сөндіруші жараланды. Бірақ олар соған қарамастан қонақ үйден 50 адамды аман алып шықты. Биыл еліміздегі Азаматтық қорғау органының құрылғанына 25 жыл.

Былтырғы өрт кезінде қолы мен бетін күйік шалғанына қарамастан қонақүйдегі адамдарға көмектесуге асыққан құтқарушылардың бірі Бағлан Убайдиллаев. 4 жылдан бері Түркістан қаласындағы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде аға өрт сөндіруші болып жұмыс істейді.

Дабыл белігісі соғылғаннан кейін 1 минут ішіне өрт сөндірушілер арнайы киімерін киіп, жолға шығуы тиіс. Қала ішінде болса өрт ошағы тіркелген мекен-жайға 5-7 минутта жетуге міндетті. Бұл өрт сөндірушілер үшін жазылмаған заң. Қауіп-қатерге толы болса да Бағлан өз мамандығын жақсы көреді. Бірақ бір ажалдан аман қалған өткен жылғы өрт оқиғасын әлі күнге дейін ұмытқан емес.

Бағлан Убайдиллаев, мамандандырылған өрт сөніру бөлімінің аға өрт сөндірушісі:

- Жарылғаннан кейін ары қарай есіме жоқ. 1-2 минут естен тандым. Сол жердегі әріптестерім келіп мені қауіпсіз жерге шығарып, есімді жинадым. Қорқыныш болды. Бірақ оған қарамастан мен әріптестеріме ризамын. Әртүрлі дене жарақатын алса да іштегі 50 адам мен 8 жасар бір қызды құтқарып, қауіпсіз жерге шығарды.

Қонақүйдегі сол жарылыс кезінде денесі қатты күйіп, 1 ай ауруханада жатқан өрт сөндірушінің бірі Құралбек Жұмабаев. Азаматтық қорғау майоры қауіп-қатарге толы болса да өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды. Жастарға ақыл-кеңесін айтып, ұқыптылыққа үйретеді. 

Құралбек Жұмабаев, облыстық ТЖД бас маманы:

- Өртке күйемін деп бармайсың, алдыңда не тұрғанын білмейсің. Сондай сәттер болып тұрады. Өзіміздің міндетіміз, мамандығымыз болғаннан кейін адам құтқару парызымыз.

«Ерлік ескерусіз қалмайы». Жарылыстан зарап шеккен өрт сөндірушілер: Бақдәулет Әлімқұлов, Құралбек Жұмабаев, Рүстем Сайдахметов және Бағлан Убайдиллаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бағланның кәсібіне адал, жұмысына жауапты екенін әріптестері де жоғары бағалайды. Ерлігін үлгі етіп, мақтан тұтады.

Ізімхан Сүлейменов, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары:

- Ешкімге жамандық тілемейді. Мақтан тұтамыз. Біздің арамызда айтамыз «мың адамның арасыннан бір батыр шығады» сол батыр біздің Бағлан деген жігіт.

Бағланды жұмыстан үйге аман-есен оралғанша ата-анасы мен жұбайы және үш баласы алаңдап, асыға күтіп отырады. Есіктен кіргеннен кішкентайлары жүгіріп алдынан шығады.

Қатира Домаева, Б.Убайдиллаевтің анасы:

- Бала кезінен өрт сөндіруге қызығушылығы күшті еді. Сол ниетіне Алла жеткізді. Жұмысқа кеткенде уайымдап, екі көзіміз төрт болып, тілеулес болып отырамыз.

Адам құтқару мен өрт сөндіру – жауапты, әрі қауіпті болғандықтан мұнда босбелбеулерге орын жоқ. Темірдей қатаң тәртіп барлығына ортақ. 

Нұрғали Жүнісов, облыстық ТЖД басшысы:

- Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген қызметкерлеріміздің және оларға бекітілген құрал-саймандарымыз сақадай сай болуы керек. Жоғары деңгейде дайын болуын қажет етеді. Себебі біздің атқарып жүрген қызметіміз қателікті кешірмейді. Мен айтар едім, құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің жұмысы ерлікпен пара-пар деп.

Биылғы жыл өрт сөндірушілер үшін оңай болған жоқ. Табиғи апаттарды айтпағанда жыл басынан бері облыс орталығының өзінде 400 ге тарта өрт оқиғасы тіркелген. Қуанарлығы осы оқиғалар кезінде бірде-бір құтқарушы зардап шекпеген.  

Айта кетейік, биыл еліміздегі Азаматтық қорғау органының құрылғанына 25 жыл. Ал 19 қазан құтқарушылар күні.

Авторлар: Жандос Жұмабек, Ерборлат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы