428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда цифрлық учаскелік полиция пункті ашылды

  • 162
  • UPD: 11:09, 01.10.2020
Көкшетауда цифрлық учаскелік полиция пункті ашылды

Полиция пункті қаладағы ең ірі орталық базарда орналасқан. Енді тәртіп сақшылары халық көп жүретін орындарды үздіксіз бейнекамералар арқылы бақылайды. Бұл жерде сонымен қатар тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау кабинеті жұмыс істейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында учаскелік полицейлердің мәртебесін арттырып, құқық қорғау жүйесін «Жұртқа жақын болу» қағидаты бойынша реформалауды тапсырған болатын.

Арманбек Баймұрзин, Ақмола облысы ПД басшысы:

- Полиция қызметкерлері шынымен де халыққа жақын болуы керек. Бүгінгі таңда бұл пунктке базардың 200 камерасы қосылған. Онымен бірге жедел басқару орталығының 169 камерасы бар. Тұрғындар мұнда кез келген құқықтық жағдайымен келе алады.

Хабар 24 телеарнасы