423,91 504.32 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанда 59 бала COVID-19-дан емделіп жатыр

  • 500
  • UPD: 11:42, 01.10.2020
Қазақстанда 59 бала COVID-19-дан емделіп жатыр

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 308 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Олардың арасында 59 бала бар. Стационарларда 1 813 науқас жатыр, 1 495 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы науқастардың арасында 94 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген ДСМ хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы