427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да қорасы өртенгендердің шығыны өтеледі

  • 159
  • UPD: 16:31, 01.10.2020

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданына қарасты Достық ауылында қора-қопсысы өртенген тұрғындарға көмек көрсетілетін болды.

Естеріңізге сала кетейік, 5 мыңдай тұрғыны бар ауылда бір күнде 5 үйде өрт болған еді. Өрттен тұрғындардың қысқы мал азығына деп жинаған 66 тонна шөбі мен 1 тонна жемі жанып кетті. Сонымен бірге  бірнеше бас мал мен үй құстары да зардап шекті. Қазір полиция кінәлілерді іздестіріп жатыр.

«Мұндай қасақана өрт қою оқиғасы осымен екінші рет қайталанып отыр. Сондықтан тәртіп сақшыларының санын көбейтіп, қора-қопсымызды жөндеуге көмектесуін сұраймыз дейді зардап шеккен ауылдықтар.

Жансұлу Әдиева, Достық ауылының тұрғыны:

-  58 рулон шөбім кетті. Бір тонна жем  кетті. Қора бүкіл, бес қора өртенді ғой енді. Сол қасақана өртеді деп ойлаймын, осыдан 2 ай бұрын тағы да қоралар өнтенді. Үш поселкеге тек қана бір участковый. Сол уачастковый жағынан көмек сұраймыз. Жағдай қиын сол көмек сұраймыз. Қыс жақындап қалды.

Әбубәкір Төлеуов, Достық ауылдық округінің әкімі:

- Қазір міне демеушілік көмектер жасауға шаруашылықтармен, кәсіпкерлермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Қазірдің өзінде екі прицеп демеушілікпен шөп келе жатыр. Қасымызда газопровод бар НГП, сол жерден камаз техника, погрузочная техникасымен өртенген нелерін шығарысуға көмектесеміз. Басқа да құрылыс материалдары  демеушілік көмек қалай  беріледі қандай көмек,  сол көмектің бәрін ел болып бірігіп, ауылдың тұрғындары да айтып жатыр, көмектесейік деп.

Хабар 24 телеарнасы