427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы елді мекенде гемодиализ орталығы ашылды

  • 153
  • UPD: 15:43, 01.10.2020
Қарағанды облысындағы елді мекенде гемодиализ орталығы ашылды

Қарағанды облысының Топар кенті мен Осакаров селосында екі бірдей гемодиализ орталығы ашылды.

Бұған дейін аталған елді-мекендердегі созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан 30 адам шалғайдағы қалаға сабылуға мәжбүр болатын. Енді үй іргесінен ем ала алады. Мамандардың айтуынша, бұл дертпен ауыратындар саны, өкінішке қарай, жыл сайын көбейіп келеді. Қазіргі күні облыс бойынша тіркелген науқастар саны 579-ға жеткен. Жуырда Жаңарқа ауданы мен Саран, Сәтбаев қалаларында дәл осындай орталықтар пайдалануға берілді, енді бірер күнде Қарқаралыда жұмысын бастамақ. Осылайша өңірдегі мұқтаж жандар ем-доммен толық қамтылады. 

Мәшірәпхан Қасенов, Топар кентінің тұрғыны:

- Осы жер ыңғайлы бізге. Жақын, күн борандарда қалып қоямыз. Кейде жол жабылып қалады, қонып қаламыз. Мына жер жақын.

Хабар 24 телеарнасы