429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда қаңғыбас иттерге зарарсыздандыру жүргізіледі

  • 94
  • UPD: 16:30, 01.10.2020

Оралда қаңғыбас ит-мысықтар мәселесі шешілуде. Шаһарда көше көзген салпаң құлақтар мен марғаулар қаптап кеткені жөнінде бірер апта бұрын арнамыздан көрсетілген еді.

Жуырда иесіз жануарларды аулау және биозарарсыздандыру бағытында конкурс жарияланды. Бұл жұмыстарды енді ветеринарлық станциясымен бірге жоғары оқу орыны жүргізетін болды. Мәселені клиникалық жолмен шешуді тұрғындар тиімді тәсіл деп санайды. 

Ерболат Мағзомов, Орал қаласының тұрғыны: 

- Бұрынғы кезде ату болды, одан кейін дәрі беріп, ұйықтату болды. Оның бәрі де қолайсыз болды. Ендігі жерде ит пен мысықтарды осы тәсілмен жою деген жақсы нәрсе, біріншіден. Екіншіден, зарарсыздандыру кезінде иттерді ауруларға қарсы егіп жібереді.

Хабар 24 телеарнасы