427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құс тұмауынан қырылған 330 мың құс үшін өтемақы төленеді

  • 154
Құс тұмауынан қырылған 330 мың құс үшін өтемақы төленеді

Бұл туралы  ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде хабарлады.

«Орташа нарықтық құнын өтеуді комиссия жүзеге асырады. Арнайы штабтар құрылды. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ-сі құс иелерінің сараптама, жою актісі, құс тұмауынан болған өлім-жітімді растайтын құжаттары және арнайы шотты ашқан кезде ғана қаржыны аударады. Комиссия өтемақыны Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің құстардың түрлері бойынша деректері негізінде анықтайды», – деді спикер.

Сондай-ақ:

ҚР АШМ: өңірлерге құс тұмауына қарсы 7,7 млн доза вакцина бөлінді

Еуразия ұлттық университетіне қарасты студенттік үйлер кешенінің іргетасы қаланды

Оралда қаңғыбас иттерге зарарсыздандыру жүргізіледі

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы