427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде әзірге халықаралық темір жол байланысы жанданбайды

  • 168
  • UPD: 17:17, 01.10.2020
Елімізде әзірге халықаралық темір жол байланысы жанданбайды

Әуе қатынасының өзі эпидемиологиялық ахуалға қарай реттеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазанның алғашқы он күндігінде жаңа талаптар енгізіледі. Яғни екінші категориялы елдерден оралған қазақстандықтардан ПТР сараптама қорытындысы сұралады. Бұл – Өзбекстан, Қырғызстан, Нидерланд, Сауд Арабиясы сынды 21 мемлекет. Тиісті анықтамасы болмағандар екі күндік карантинге жатқызылады. Сол жерде сынама алынып, жолаушының вирус жұқтырған-жұқтырмағаны анықталады. Ескерер тұсы, теріс нәтиже туралы анықтама үш тәуліктен аспауы керек. Ал Қазақстанға келетін шетелдіктер анықтамасыз бортқа кіргізілмейді.

Сәдуақас Байғабылов, ҚР көлік саласындағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

– Күн сайын жағдайды бақылап отырмыз. Көп елде індеттің өршуі байқалады. Ауырып келген адамдардың санын көбейтпеудің амалын жасаймыз. Анықтамасы жоқ азаматтар екі күндік карантинге алынады. Олар ПТР тестілеуді тегін тапсырады.

Хабар 24 телеарнасы