427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құс тұмауы: Қостанай облысында ауылдар карантинге жабылып жатыр

  • 160
  • UPD: 20:10, 01.10.2020
Құс тұмауы: Қостанай облысында ауылдар карантинге жабылып жатыр

Қостанай облысында құс тұмауынан карантинге жабылған елді мекендердің саны сегізге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлығы індет ошағы деп анықталып отыр. Ауылдарға кірер жолда блок-бекеттер орнатылған. Өлген қанаттылар өртеліп жатыр. Ауру анықталған елді мекендерден құстарды, олардың өнімдерін шығаруға қатаң тыйым салынған. Ресми мәліметке сүйенсек, бүгінгі күнге дейін өңірде осы індеттен 372 мың құс қырылған. Жақын күндері Арқалыққа қарасты Целинный ауылы да карантинге жабылатын түрі бар.

Ләйлә Аңсабаева, облыстық ветеринарлық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

– Бұл ауылда карантин енгізу туралы облыс әкіміне ұсыныс тасталды. Жұмыс жүргізіліп жатыр. Диагноз анықталды. Енді тек облыс әкімінің қаулысын күтіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы