429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Цой: Эпидемиологиялық жағдай тұрақталды

  • 168
  • UPD: 20:11, 01.10.2020
А.Цой: Эпидемиологиялық жағдай тұрақталды

Қазанның бесінен бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері қысқартылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, ұшуға рұқсат етілген елдердің тізімін толықтыруға тыйым салынады. Ал келген жолаушылардың дене қызуы өлшенеді. Сондай-ақ олар міндетті түрде сауалнама толтырып, коронавирусқа тест тапсырғанын растайтын анықтама көрсетуге тиіс.

Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі:

– Қазіргі таңда елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. 107 979 адам инфекция жұқтырды. Соңғы тәулікте 71 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тест арқылы анықталды. 3308 науқас емделіп жатыр. Емделіп шыққандар саны – 102 938. 1734 адам коронавирустан көз жұмды.

Соңғы мәлімет бойынша елімізде COVID-19 жұқтырған және пневмониямен ауыратын 12830 медицина қызметкері тіркелген. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, оның 8339-ы дертке кәсіби қызметімен айналысып жүріп ұшыраған. 

Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі:

– Өкінішке қарай пандемия басталғалы Қазақстанда 182 медициналық қызметкер көз жұмды. Аймақтық комиссия 58 өтінім бойынша коронавирустан көз жұмған медициналық қызметкерлердің туыстарына өтемақы беру туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта 37 отбасы өтемақы алды, бұл бағыттағы жұмыс жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы