429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Nur Otan» праймеризінде дауыс беру: ең белсенді партия мүшелері Алматы облысына тиесілі

  • 333
  • UPD: 23:08, 01.10.2020

«Nur Otan» партиясының праймеризінде дауыс беру басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Партия мүшелері түнгі 12-ден бастап өз үміткеріне қолдау көрсете бастады. Онлайн форматындағы дауыс беру Primaries.kz сайтында жүріп жатыр. Іріктеу қалай өтіп жатыр?

Праймериз барысында дауыс беру онлайн және де оффлайн форматта өтеді. «Nur Otan» партиясының мүшесі өзі таңдаған үміткерді қашықтан қолдау үшін primaries.kz сайтына кіре алады немесе арнайы мобильді қосымшаның мүмкіндігін пайдаланады. Ал интернеті жоқ елдемекендердің тұрғындары мен егде жастағы адамдар үшін сайлау учаскелері жасақталған. Мұнда жеке куәлікпен келіп, сағат 14:00-ге дейін дауыс беруге болады.

Лариса Павловец, қала тұрғыны:

– Балалар дәрігері ретінде қиын жағдайдағы адамдарға көмек беріп, оңалту орталықтарында сапалы медициналық қызмет көрсету мәселесін қолға алуды көздеп отырмын. Сондай-ақ медициналық құрал-жабдықтарды жаңартуға атсалысқым келеді. Және де карантин режимінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге барымды саламын.

Мағзұм Арсланбек, қала тұрғыны:

– Менің сайлауалды бағдарламамның ең бастылары – жастарды қолдау мәселесі, яғни жас отбасыларға қолдау, айти-коворкинг ашу, үгіт-насихат жасау, жаппай спортқа баулу. Менің ойымша, праймериз әділ өтеді.

Елорда бойынша 300-ден астам үміткер тіркелді. Партияның 36 мың мүшесі оларға өз дауыстарын бере бастады. Дауыс беру онлайн форматта жүргізілуде. Бір айпи адрестен тек бір рет дауыс беруге болады. Ал электронды форматтан бас тартқандар партияның өкілдігіне келе алады. Сайлау ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл кампания ашық әрі әділ өтіп жатыр.

Ерлан Қаналимов, Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

– Біз мына бөлімдерді арнайы аштық, 39 бөлім Нұр-Сұлтан қаласы бойынша. Бұл жерде біз бастауыш партия ұйымдарын бөлдік. 1200-ден 1,5 мыңға дейін 1 бөлімде. Жұмыс істеуі уақыты сенбі күні басталады. Сағат таңғы 8-ден, түскі екіге дейін. Әр партиялас бір рет қана бір аккаунттан дауыс береді. Бір рет дауыс бергеннен кейін екінші рет кіре алмайды.

Қазір ең белсенді партия мүшелері Алматы облысына тиесілі екен. 4 мың 860 адам өз араларында партиядағы беделі жоғары үміткерлерді таңдады. Естеріңізге сала кетсек, ел бойынша барлығы 11 мың үміткер тіркелген. Дауыс беру қазанның үші күні, сағат 14:00-де аяқталады. Ереже бұзып, дауыс санын көбейтуге тырысқандардың дауыстары бірден жойылады.

Авторы: Дариға Ташенова

Хабар 24 телеарнасы