428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтардың 74% Қ.Тоқаевтың бастамалары халықтың өмірін жақсартады деп санайды

  • 259
  • UPD: 02:14, 02.10.2020

Елімізде алғаш рет жүргізілген ашық әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған қатысқандардың 74 проценті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары қазақстандықтардың өмірін жақсартады деп санайды. Зерттеу бағдарламасына Мемлекет басшысының 2019 жылғы және биылғы пандемия кезіндегі бастамалары негізге алынған.

Сауалнамаға қатысқандар әлеуметтік бағыттарға басымдық берген. Мәселен, Мемлекет басшысының елде төтенше жағдай жариялануына байланысты несиелердің төлем уақытын шегеру, COVID-19 бен күрескен медицина қызметкерлеріне қосымша қаржы төлеу, уақытша жұмыссыз қалған азаматтарға 42500 көлемінде әлеуметтік төлем тағайындау сияқты бастамалары сауалнамаға қатысушылар тарапынан қолдау тапқан. Сондай-ақ зейнетақы жинағын тұрғын үй сатып алуға, білім алуға, ем алуға пайдалануға рұқсат беру туралы бастамасы да елдің көкейіндегісін дөп басқан.

Айдос Сарым, сарапшы:

– Осындай зерттеулердің саны көп болғаны жақсы. Мысалы, Ресей – біз қатарлы мемлекет. Бірақ Ресейде 7-8 үлкен әлеуметтану орталық бар. Олар апта сайын, ай сайын әртүрлі мәселе бойынша жарыса отырып, осындай зерттеулерді беріп отырады. Бұл бір жығынан билікке, қоғамға, саяси партияларға басқаларға өзінің жұмысын бағдарын түзеу үшін немесе бір белгілі бір осыдан сабақ алу, басқа үшін сөзсіз қажет нәрсе.

Сауалнамаға қатысқандардың көбі мемлекеттік органдардың жұмысына көңілдері толмайтындарын жеткізіпті. Атап айтқанда, денсаулық сақтау министрлігіне 72,3 процент, білім және ғылым министрлігіне 63 процент теріс пікір білдірген. Ұйымдастырушылар бұл көрсеткіштерді пандемия кезіндегі ахуалмен байланыстырады. Сондай-ақ сауалнамаға қатысушыларға талап-тілектерін айтуға мүмкіндік берілген.

Алтын Нұраленова, «Қазақ әлеуметтік академиясы» ҚҚ директордың орынбасары:

– Тұрғындарды негізінен коммуналдық төлемдердің қымбаттығы, халық көп тұтынатын азық-түлік өнімдері мен тұрғын үй бағасының шарықтауы көп мазалайды. Сонымен қатар, медициналық қызметтердің сапасы мен жоғары оқу орындарындағы білім құны да тұрғындар үшін өзекті мәселелер қатарында.

«Қазақ әлеуметтік академиясы» жүргізген сауалнамаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының 10 мыңға жуық тұрғыны қатысқан. Олардың 62 проценті – әйелдер. Әлеуметтік зерттеуді жүргізушілер мұны нәзік жандылардың қоғамда ойларын ашық білдіре алуымен байланыстырады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Радик Жақыпов

Хабар 24 телеарнасы