432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында үкіметтік емес ұйымдардың бес жобасы жергілікті билік тарапынан қолдау тапты

  • 236
  • UPD: 02:21, 02.10.2020

Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба жетекшілері мұнайлы өңірдегі күрделі де өзекті проблемаларды шешу жолдарын ұсынды. Оның ішінде Жайық өзенінің проблемасы, мұнай-газ өндірісінің оршаған ортаға келтіретін залалын шектеу, балалар саулығы секілді көкейкесті мәселелер бар. Байқау негізінде өткен шарада ұтып шыққан үздік жобалар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын болады. 

Еліміздің негізгі мұнай-газ ошағы болып саналатын өңірдің экологиясы сын көтермейді. Трансшекаралық Жайық өзенінің тартылуы көптеген күрделі түйткілдерді алға тартты. Осы проблемаларды тұрақты көтеріп келе жатқан қоғамдық қор өзінің нақты бағдарламасын ұсынды..

Арман Хайруллин, «Атамекен эко» қоғамдық қорының жетекшісі:

– Біздің бүгінгі жобамыз – біріншіден ауа мониторинг жүйесін орнату . Бұл тәуелсіз жүйе. Онлайн системада. Әр секунд сайын ауаның құрамын және шығарындыларды кімнің шығаранын анықтап отырады. Келесі мәселе – Жайық деңгейінің соңғы жылдардағы 3 есе түсуі. Жағаны ластаушыларды анықтап, олармен күресу және түп тереңдету жұмыстары.

Байқау нәтижесі бойынша бес жоба таңдалып алыныпты. Оларға жауапты басқарма басшылары сарапшы ретінде бағыт берді. Өңір басшысы алдында жобаларын қорғағандар Атырау жұртшылғын алаңдатып отырған негізгі мәселерді көтеріп, өздерінің ұсыныстарын білдірді. Осы бес жобаның ең маңызды деп табылғандары жергілікті билік тарапынан қолдау тапты.

Бақытгүл Хаменова, облыс әкімінің орынбасары:

– Осы жобалардың барлығы комиссияларда қаралады. Басқармалармен талқыланады. Тиісті органдармен өзінің бағасын алады. Содан кейін арнайы заңдылыққа сәйкес құжаттар жасақаталып, бюджеттен осы ұтып шыққан жобаларымызға тиісті қаражатпен бірге мақсатты жұмыстарға жұмсалатын болады.

Бүгінде Атырау облысында 600-ге тарта үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың 50 осы жобалар байқауына қатыстып отыр. Қалған ұсыныстар да қаралып, қаражат мүмкіндігіне қарай біртіндеп шешімін табатын болады.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы