428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында апатқа ұшыраған санавиация ұшағына қатысты сот ісі жалғасуда

  • 239
  • UPD: 23:46, 01.10.2020
Алматы облысында апатқа ұшыраған санавиация ұшағына қатысты сот ісі жалғасуда

Алматы облысы Іле аудандық сотында 2017 жылы Алматы маңында апатқа ұшыраған санавиация ұшағына қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл істе алдымен әуе компаниясының директоры жауапқа тартылған болатын. Тергеу мәліметіне сәйкес апатқа ұшақтағы техникалық ақау мен ұшқыштың қатесі себеп болуы мүмкін екені айтылған. Кейінірек қаза тапқан ұшқыштың әкесі Евгений Кутафин ұшаққа оқ атылған болуы мүмкін деген еді. Өйткені Ан-28 ұшағы әскери полигонның үстінен ұшқан. Бүгінгі отырыста ұшақтың әрбір бөлшегін жан-жақты зерттеген сарапшы Владлен Миленковтың пікірі тыңдалды. Ол ұшаққа оқ тиді деген пікірмен келіспейтінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 3 қазанында Алматыдан Шымкентке ауыр науқасқа көмекке шыққан Ан-28 санавиация ұшағы әуеге көтерілген соң 12 минуттан кейін апатқа ұшырады. Екі ұшқыш пен борт техник және 2 дәрігер қайтыс болған еді.

Хабар 24 телеарнасы