427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде радиоактивті өндірістік қалдықтар төгілген 200 аумақ анықталды

  • 227
  • UPD: 02:36, 02.10.2020

Биыл 9 учаскеге рекультивация жасалды. Ол үшін жергілікті бюджеттен 97 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Толық залалсыздандыру үшін аз дегенде 1 миллиард теңге қажет.

Ал мұндай қаржыны бір жылда бөлуге облыс қазынасы көтермейді. Сондықтан бұл жұмыс кезең-кезеңмен атқарылмақ. Алайда экологтар бұл мәселені тез арада шешуді талап етіп отыр. Өйткені қаланың кейбір жерлеріндегі улы радиация қалыпты мөлшерден 40-50 есеге көп.

Өскемендегі негізгі екі жоғарғы оқу орнының бас ғимараты мен жатақханалары қала бойынша ең радиоактивті аумаққа салынған. Бұл жерлер 40-50 жыл бұрын шаһардағы химия және тау-кен өндірістері түрлі қалдықтарын төгетін полигон болған. Кейіннен қаланың қақ ортасына айналды. Бірақ төгілген улы қалдықтар әлі тазаланбай отыр. Қазір кейбір жерлердегі радиоактивті сәуленің мөлшері 300-400 микрорентгенге жетеді.

Ластанған топырақты залалсыздандыруға өте көп қаржы мен уақыт қажет. Бұл ғылыми түрде зерттеліп, нақты картографиялық мәліметтер бойынша жасалады.

Ерік Сандыбаев, радиологиялық зерттеулер орталығының директоры:

– Биыл 2 учаскеде жұмыстар жүріп жатыр. Биылғы жылы жұмыстардың бәрі алдымен жасалған жоба бойынша сараптамадан өтеді.

Мамандар өндірістік қалдықтар төгілген жерлердегі топырақтың қабатын қырып алады. Ол арнайы контейнерлерге салынып, ұлттық ядролық орталықтың полигонына жөнелтіледі. Шамамен 500 шаршы метрден де аз аз жерге бірнеше ай рекультивация жасалады. Сарапшылардың айтуынша, бұған дейін тазаланған аумақтарда нәтиже жаман емес

Бұл жердегі радиациялық сәуле 6 есеге дейін азайды. Экологтар оң бағалап отыр. Сондықтан залалсыздандыру жұмысының одан әрі жалғасуына мүдделі. Ал қала көлемінде бүгінге дейін өндірістік қалдықтар төгілген 200 ден аса аумақ анықталды.

Арман Есентаев, облыстық табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары:

– Қазіргі күнде 6 анамалдық учаске жойылды. Жойылған топырақты тиісті аранйы нысанға апарып тастадық. Жыл сайын осы жұмыс жалғасатын болады.

Жыл сайын жалғасу үшін үздіксіз зерттеліп, тоқтаусыз қаражат бөлініп отыруы тиіс. Әйтпесе экологтардың айтуынша, қазіргі қарқынмен қала 100 жылда улы қалдықтан тазарады.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы