427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-дағы жол құрылысы өте баяу жүріп жатыр

  • 223
  • UPD: 08:53, 02.10.2020
БҚО-дағы жол құрылысы өте баяу жүріп жатыр

Батыс Қазақстан облысындағы Қазталов – Жәнібек – Ресей шекарасы бағытындағы күре жолдың құрылысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба Елбасының тікелей тапсырмасымен былтыр қолға алынды. Күре жол оңтүстік-батыс аудандарын байланыстырады. Ұзақ жылдардан бері жол азабын тартқан тұрғындар құрылыс басталғанда зор қуанышқа кенелген еді. Алайда, қазір сенімнен гөрі күмәндері басым екенін айтады. Себебі құрылыс сылбыр жүруде. Салынатын жолдың жалпы ұзындығы 135 шақырым болса, соның 2,5 шақырымына ғана асфальт төселген. Құрылыс келер жылы аяқталуы тиіс. Ұлттық компания өкілдері «жобаны жоспарға сай жүзеге асырамыз» деп сендіріп отыр.

Еркебұлан Жұманов, «Қазавтожол» АҚ БҚО филиалының директоры:

- Биыл 4,7 шақырым, ол 53-95 шақырым аралығындағы учаскеде салынады және 2,5 шақырым биыл мына Қазталовкадағы учаскеде тағы жалғасады. Биылға берілген қаржыны толықтай игереміз. Қазір енді сұранысты қанағаттандыруға шешім қабылданды. Жоспарланған межедегі жұмыстардың бәрін толықтай атқарамыз деген сенімдеміз.

Хабар 24 телеарнасы