428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында 265 заңсыз қоқыс алаңы бар

  • 140
  • UPD: 10:22, 02.10.2020
Түркістан облысында 265 заңсыз қоқыс алаңы бар

Түркістан облысында заңсыз қоқыс тастау дерегі тыйылмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі түсірген ғарыштық фото түсірілімде өңірде осындай 265 қоқыс алаңының бар екені анықталған. Оның көбі Кентау қаласының аумағында орналасқан. Статистика бойынша кенді шаһарда заңсыз қоқыс алаңына айналған 67 орын бар. Табиғатты ластайтын алаңдардың көбеюіне жергілікті билік жауапсыз кәсіпорындар мен тұрғындардың салғырттығы себеп дейді. Ал бұқара халық өңірде қоқыс тастайын заңды полигондардың жоқтығын алға тартады. Бұндай жағдай өңірдегі Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш және Қазығұрт аудандарында да кездеседі. Ресми дерек бойынша 900-ден астам елді мекені бар Түркістан облысында 30-ға жуық қана арнайы орын қарастырылған. Халқы тығыз орналасқан өңір үшін оның аз екенін экологтар бұрыннан айтып жүр. Алайда, әлі күнге дейін осы олқылықтың орнын толтыратын жүйелі іс қолға алынбаған. Жыл басында облыс әкімдігі мен жауапты сала мамандары осы түйткілді шешу үшін аудан басшыларына хат жолдаған. Бірақ соның көбі қағаз күйінде орындалған.

Данияр Сейітов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

- Бірнеше рет облыс әкімінің орынбасарлары атынан осыны заңдастыру бойынша тиісті ұсыныстар мен хаттар жолданды. Бірақ әлі күнге дейін өз шешімін таппай отыр. Облыс әкімі орынбасарлары атынан біз осы салаға жауапты Ордабасы мен Созақ ауданы әкімінің орынбасарларына тәртіптік шара көру бойынша ұсыныс енгізуге құжаттарымызды әзірлеп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы