427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орал қаласының тұрғыны жалған шот-фактура жазғаны үшін сотталды

  • 169
  • UPD: 11:17, 02.10.2020
Орал қаласының тұрғыны жалған шот-фактура жазғаны үшін сотталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің БҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті Орал қаласы тұрғынының 2017-2019 жылдар аралығында ЖШС-іні пайдаланып, іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызмет көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактура жазып, осы арқылы өзінің коммерциялық кәсіпорнын салық төлеуден заңсыз босатқанын хабарлайды.

Осы іс-әрекеттен мемлекетке келген залал көлемі 67 млн теңгені құрады.

БҚО, Орал қаласы сотының үкімімен кәсіпкер ҚР ҚК 28 бабы 2-тармағы және 216 бабының 2-бөлігі, 2-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, сотталушымен кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалдық келісімнің жасалуы, сондай-ақ оның Қылмыстық-процестік кодексте қарастырылған келісімнің барлық шарттарын орындағанын, соның ішінде келтірілген зиянды толық өтегені ескеріле отырып, оған 6312500 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы