427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы 187 (Жангелдин) көшесінде қозғалыс 5 қазанға дейін жартылай жабылды

  • 122
Елордадағы 187 (Жангелдин) көшесінде қозғалыс 5 қазанға дейін жартылай жабылды

Жангелдин көшесінде орналасқан Бейсекова көшесінен Күмісбеков көшесіне дейінгі аралықта құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты 2-5 қазан аралығында 187 (Жангелдин) көшесінің бойындағы Бейсекова көшесі мен дарынды қыз балаларға арналған мектеп-интернатқа дейін көлік қозғалысын ішінара тоқтайды.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз бағдарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы