427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұра ауданына қарасты ауылдарда үй құстарының қырылуы тоқтады

  • 192
  • UPD: 13:50, 02.10.2020
Нұра ауданына қарасты ауылдарда үй құстарының қырылуы тоқтады

Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты ауылдарда үй құстарының қырылуы тоқтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республикалық эпизоотикалық жасақтар бүгін Изенді, Тассуат, Жараспай ауылдарындағы құстарды толығымен жояды. Енді арнайы құрылған комиссия қырылған және жойылған құс басын есептеп, өтемақы төлеу жолын қарастыра бастайды. Бүгінгі күні 80 мың құсқа екпе салынған, карантин жарияланған ауылдарда дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Марат Мұхтаров, облыстық ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының жетекшісі:

- Карантинде тұрған құстардың барлығы мал иелерінен алынып, жойылады. Қазір құстың санын анықтап, статистика берген ақпаратқа сай құнын төлеу мәселесі қаралып жатыр. Бір тауықтың құны Нұра ауданында статистикаға сай 946 теңге, қаз 5 мың, үйрек 3,5 мың теңге шамасында.

Хабар 24 телеарнасы