432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жыл соңына дейін мыңға жуық ауыл мобильді интернетке қосылады

  • 195
  • UPD: 13:53, 02.10.2020
Жыл соңына дейін мыңға жуық ауыл мобильді интернетке қосылады

Тұрғындарының саны 250-ден асатын 1 мыңға жуық елді мекен жыл соңына дейін мобильді интернетпен қамтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін үш байланыс операторы ифрақұрылымды бірлесіп пайдалану жөнінде келісімге қол қойды. Құжатқа сәйкес олар ауылдарды 3G және 4G-мен қамтамасыз етеді. Байланыс операторлары елді мекендерге кең жолақты интернет жүргізу үшін базалық станцияларының желісін орнатады. Тараптардың сөзінше, радиожиілік пен инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану шығынды едәуір азайтады. Ал халқының саны 250-ге жетпейтін ауылдарға интернет алдағы 2 жылдың көлемінде тартылады деп жоспарланып отыр. 

Дарын Тұяқов, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары:

- Министрліктің жоспары бар. 243 ауылда 2021 жылдан бастап осындай жобаларды бастаймыз. Әрі қарай 50-ден астам адам тұратын ауылдарда сондай жұмыстарды өткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы