432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі үздік ауыл әкімі анықталды

  • 165
  • UPD: 13:58, 02.10.2020
Еліміздегі үздік ауыл әкімі анықталды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен өткен «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауы мәресіне жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әр өңірден үздік деп танылған 14 ауыл әкімі бақ сынап, туған өлкесінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша жобаларын қорғады. Сондай-ақ «Мен неге үздік ауыл әкімі атағына лайықпын» тақырыбында эссе дайындаған. Ауыл әкімдерімен өткен онлайн-сұхбатта комиссия мүшелері олардың жобалары мен жұмыстарын бағалады. Ең жоғары ұпай жинаған Алматы облысы Іле ауданына қарасты Боралдай кентінің басшысы Данияр Қоңырбаев «Үздік әкім» деп танылды. Бұдан бөлек, байқау қорытындысы бойынша екінші және үшінші орын жүлдегерлері мен «Үздік әлеуметтік-экономикалық жоба», «Халыққа ашық әкім», «Үздік іскер-шаруа әкім» номинацияларының иегерлері де белгілі болды. Қоғамдық өзін өзі басқару ұйымдарын ынталандырып, ауылдарды дамытуға елеулі үлес қосқан әкімдерді көтермелеу мақсатындағы бұл байқау биыл бірінші рет ұйымдастырылған.

Ерсұлтан Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл сайыс ауыл әкімдеріне жұмысын жақсартуға, қызметін одан әрі жетілдіруге ынталандырады. Ауыл әкімдерінің жұмысы елмен жұмыс жасау, әлеуметтік мәселені шешу. Барлық салаларды қараймыз, бірақ негізінен сол халықпен жұмыс жасау жағына үлкен басымдық береміз.

Хабар 24 телеарнасы